Полиция Сәтбаевтан 23 ақбөкеннің ұшасын тапты

2031
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері 23 ақбөкеннің ұшасын тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, атылған ақбөкендер қаланың аумағында орналасқан жеке үйдің гаражында табылған.

Оқиға орнын қарау кезінде одан басқа 6 терісі мен 10 ақбөкен мүйізі, 3 тегіс ұңғылы мылтық, 54 патрон, Nissan Patrol маркалы автомашина табылып, тәркіленді. 33-40 жас аралығындағы үш күдікті ер адам ұсталып, олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер