Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мирас Қалиұлы Төлебаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мирас Төлебаев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Қорғаныс шекара маңы ынтымақтастығы орталығында бас маман болып бастаған.
2009-2010 жылдары – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық ортылығында бас маман, бас менеджер.
2010-2011 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы департаментінің бас сарапшысы, Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет басқармасының 1-санаттағы сарапшысы, Индустрия және жаңаНовости по теме
«Адырна» ұлттық порталы