«Жүрегіне қайшы тыққан». Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салды

2214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9

Алматы облысында полиция қызметкері өз-өзіне қол салған. Бұл туралы аймақтық полиция департаменті мәлімдеді, дем хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Балқаш ауданында пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің "Суицидке жеткізу" бабы бойынша дереу тіркелді.

Мерт болған азаматтың отбасылық қарым-қатынастарда жеке проблемалары болған. Бұл

қылмыстық істі тергеу аясында да тексеріледі, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция өзінің жүрегіне қайшы тыққан делінеді.

Қазір құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайларын толық тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындап, қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Облыстық полиция бастығы тергеу барысын жеке бақылауға алды.

Комментарии