Әлем чемпионаты: Қазақстан мини-футболдан екінші орын алды

2554
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/kishi-futbol.jpeg

Қазақстан әлем чемпионатында мини-футболдан күміс медаль иеленді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

БАӘ-ның Рас-эль-Хайма қаласында мини-футболдан 2023 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Румынияға есе жіберіп алды.

Румыниялық футболшылар пенальтиде гол салып, 12:11 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде Румыния құрамасы жеңіс тұғырынан көрініп, жеңімпаз атанды. Ал қазақстандық футболшылар күміс медальді иеленсе,  үшінші орынды Венгрия алды.
Комментарии