"Жастар саябағына" тойхана салып жатыр

2290
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы Қамбатыровтың назарына!
Арыс қаласының аядай ғана жерде "Мәдениет үйі" жанында жастар саябағы болатын. Тура алаңның қасында орналасқан саябақ кімнің тақиясына тар келді екен?
Қәзір жастар жүретін саябақ көбейтудің орнына, қаланың ортасына тойхана салып тығыздай беру кімге керек?
Жайқалып өсіп тұрған шырша, ағаштардың бәрін кеседі ме?
Қанша әкім отырды осы уақытқа дейін біреуі осы саябаққа тимеген еді . Сейіт мырза марқұм Арыс қаласының әкімі болған кезде, қаланы гүлдендіріп жіберіп еді...
Мына тойхана салынып жатқан жердің нысанын, телімін тексеруді сұраймын!
Мемлекеттің еншісіне алып, халықтың демалуына жағдай жасаудың орнына дәу қылып тойхана салу бұл бір сыбайластықты көрсетіп отыр.
Облыстық Прокуратурада тексеру керек!
Арыс қаласында Жастар орталығы жоқ! Жер бар екен неге ең болмаса, жастар орталығын салмайды?
Биыл Жастар жылы емес пе?
Әкім Елбасының саясатына қарсы ма?

Айгүл Орынбек

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер