Оқуға кеткеннен кейін оралмаған.15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

2578
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Абай облысында 15 жастағы бойжеткен жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Абай облысында 15 жастағы Ефанова Валерия Александрова жоғалып кетті. Жасөспірімді Абай облысының полиция департаменті іздестіруде.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жасөспірім қыз 2 қараша сағат 8:30-да колледжге оқуға кеткеннен қайта оралмаған.

Жоғалған Валерия Ефанованың белгілері: арықша келген, көзінің түсі жасыл, шашы ақ сары түсті, иығынан жоғары. Жасөспірімнің үстінде екі жағында киюге болатын ақ-хаки түсті күрте, аяғында ақ түсті кроссовка, сондай-ақ ақшыл түсті сөмкесі болған.

Полиция жасөспірім қыздың орналасқан жері туралы қандай-да бір ақпарат болса +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарласуды сұрайды.

 

Пікірлер