Болат Назарбаевтың ауруханаға түскені хабарланды

1787
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ratel.kz
Сурет: ratel.kz

Болат Назарбаевтың шұғыл түрде ауруханаға түскені айтылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі 365info.kz -ке сілтеме жасап.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ауыр жағдайда Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған.

Ол 3 қарашада, жұма күні кешке ауыр жағдайда миокард инфаркті диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Қазір Болат Назарбаевтың жағдайы ауыр және тұрақсыз. Кәсіпкердің 2 жыл бойы төсек тартып жатқаны БАҚ беттерінде хабарланған болатын.

Болат Назарбаевқа қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігі, асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.

Ол 1997 жылдан бері ол BN Invest холдингін басқарады. 2016 жылы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорын құрды.

Пікірлер