АСХАТ ҚАСЕНҒАЛИ: “Қазақ мемлекеті болмаған" деген Ресей басшысы өзіне қарсы кейс тауып берді

2562
Adyrna.kz Telegram

 

Мынау нағыз бізге идеологиялық құрал болатын видео. Осы сөзді Путин айтса екен деп жүр едім, тілеп едім. Айтты. Ешкім тілінен тартпады, өзі айтты.

“Александр Невский дәуірін еске алайықшы. Ол Орда хандарына барып, бас иіп, тізесін бүгіп, ант етті. Қызмет етемін деп иілді. Неге? Ең алдымен батыстың отарлауынан сақтану үшін. Ордалықтар өздерін өте өктем, қатыгез ұстады. Бірақ олар біздің тілімізге, мәдениетімізге, дәстүрімізге тимеді. Батыс отарлаушылары біздің бұл құндылықтарымызды жояр еді. Осы құндылықтарды жұлып алсаң, онда ұлт та біртіндеп жойылады. Міне, сол себепті де біз Невскийді ұлы деп құрметтейміз, әулие санаймыз. Оның осы таңдауы үшін құрмет тұтамыз”, - дейді Путин.
“Қазақтың мемлекеті, тарихы болмаған" деген Ресей басшысы, өзіне қарсы әдемі кейс тауып берді.
Невскийдің ескерткіші біздің Алматыда тұр, оның салынуын біздікілер де, Ресей елшілігі де “заманында Қазақ жерінен өткен” деген негізде түсіндірді. Не үшін өткен? Путиннің өзі айтқандай ұлы бабаларымызға бас иіп, тізе бүгу үшін.

 

 

 

Пікірлер