Президент Тоқаев: Түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет

2240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/ba14e822-5b03-4055-814d-5ef4c7295dab-960x500.jpeg?token=c15a3b2aaa507f9b78e1280cadc353a4
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы Саммитінде ұйым қызметін оңтайландыру шараларын жалғастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдерімізді тағайындау мәселесін тезірек шешуге шақырамын. Сондай-ақ хатшылық қызметкерлерінің санын көбейту туралы ұсынысты қолдаймыз. Түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажет. Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құруға болады. Соңғы кезде біздің ұйымға халықаралық және аймақтық құрылымдардың қызығушылығы арта түсті. Біз Экономикалық ынтымақтастық ұйымына байқаушы мәртебесін беру туралы бастаманы қолдаймыз. Сонымен қатар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық орнатуды ұсынамыз»,—деді президент.
Комментарии