«Ішінде 12 оқушы болған». Қостанайда балалар мінген автобус өртенді

1965
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қостанай облысында балалар мінген автобус өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Арқалық-Торғай бағытындағы жолмен келе жатқан төрт автобуста 77 адам болған.

«Бүгін сағат 09:00-де Мирный ауылынан 15 шақырым жерде «Газ 322131-288» көлігі өртенді деген хабар түсті. 66 оқушы, 3 волонтер, 6 мұғалім, 1 медицина қызметкері, 1 инспектор мінген төрт көлік ауыл оқушыларына арналған «IQanat» олимпиадасына бара жатқан. Жүргізуші мен оқытушылардың үйлесімді және дұрыс әрекеттерінің арқасында 12 оқушы, 1 жүргізуші, 1 оқытушы жанып жатқан газельден эвакуацияланды және қалған 3 көлікке көшіп, колонна құрамында жүруді жалғастырды»,—деді басқарманың баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті барлық жолаушының аман-есен сыртқа шығып үлгергенін айтты.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.

Пікірлер