Қостанайда полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

2509
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің айтуынша, марқұм әйел де құқық қорғау органдарында жұмыс істеген.

«Әйелдің денесі 1 қараша күні таңертең өз үйінің ауласынан табылды. Оны өлтірді деген күдікке полицейдің жұбайы ілініп отыр. Ерлі-зайыпты ажырасатын уақытты күтіп жүрген»,—деді басқарманың баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер