Венгрия премьер-министрі шапан киіп түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялады

2022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/24b669ff-a8f0-4ea2-8b72-1f010f929aad.jpeg

Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан әлеуметтік желіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге түскен фотосуретін жариялады. Фотоға Орбан қазақтың ұлттық шапанын киіп түскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Қыс жақындады, - деп жазды Орбан фотосуреттің астына.

Айта кетейік, Орбан Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін министрлер кабинетінде Мажарстан басшысы Қазақстан президентімен және премьер-министр Әлихан Смайыловпен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ Орбан Түркі мемлекеттер ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады деп жоспарланған.

Комментарии