Қостанайда ана мен бала газдан уланып қайтыс болды

1298
Adyrna.kz Telegram
фото: 24banya.ru
фото: 24banya.ru

Қостанай облысында екі бала анасымен көмірқышқыл газына уланып, қайтыс болды. Бұл туралы Алау сайты жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Оқиға орнында 1984 жылы туған үй иесі мен 2013 жылы және 2008 жылы туған балалары көз жұмды. өлім мен жарақаттың алдын ала себебі: пештің сыланбаған жарықтары мен сыртындағы шойын тақтайшаның жарылуы салдарынан көмірқышқыл газы сыртқа тараған», – деп хабарлады Қостанай облысының ТЖД қызметі.

Қайғылы оқиға 30 қазан күні Федоров ауданында Лесное ауылында болған. Қатты отынмен жұмыс істейтін пешті жағу кезінде 1975 жылы туған үй иесі көмірқышқыл газына уланып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер