Адамдар өз отбасын асыраймын деп жүріп ажал құшты - Досым Сәтпаев

2122
Adyrna.kz Telegram
inbusiness.kz
inbusiness.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаев шахтадағы апатқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Kznews.kz-ке сілтеп.

Белгілі саясаттанушы «АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы трагедияға қатысты пікір білдірді. Ол опат болғандардың еңбегі бағаланбағанын айтады.

«Адамдар өз отбасын асыраймын деп жүріп ажал құшты. Шахтадағы кезекті трагедия. Бұл бірінші Президенттің тұсынан бері жалғасын тауып келе жатыр. Ол елді олигархтар мен шетелдік инвесторларға берді. Оларға елдің қазба байлығының бір үлесін иелену үшін тонауға мүмкіндік берді. Алайда адамдардың өмірі мен еңбегін бағаламады», — деді Досым Сәтпаев.

Саясаттанушының пікірінше, шахтерлер «АрселорМиттал Теміртау»  компаниясының директоры Лакшми Митталдың сараңдығынан құрбан болған.

Досым Сәтпаев еліміздегі өзге де билік басындағылар пайда көру үшін қарапайым жұмысшылардың өмірін құрбандыққа шалып келгенін айтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер