Қаза тапқан кеншілердің есімдері белгілі болды

2788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/653cd0f98c6f1954752513-960x500.jpg?token=72ad58990b79d9c17ba11f0d2bbd4621

Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтаның директоры қайтыс болған шахтерлердің алғашқыларының есімдерін атады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Бірінші болып сегіз адамның аты-жөндерін анықтадық. Олар: Мордасов Виталий Анатольевич; Югай Александр Викторович; Адампаев Ерболат Мұратұлы; Петренко Владимир Ильич; Сайфутдияров Альберт Рифович», - деп тізіп берді ол.
Оның айтуынша, қалған мәйіттерді анықтау әзірге мүмкін емес. Соңғы мәліметтер бойынша, Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиға 33 кеншінің өмірін қиды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу түнге дейін жалғасады. Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағандыда (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртауда 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) сенім телефондары жұмыс істейді.

 «Адырна» ұлттық порталы

Комментарии