Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болғаны хабарланды

2518
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/63bee263-2e56-40eb-b115-1da3b41089cb-960x500.jpeg?token=8718ba01d644e0f4f4e39240b1419905
Газа секторында Қазақстан азаматы қаза болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке орай, онымен бірге Палестина азаматы болған оның 23 жастағы қызы да қайтыс болды. Отандасымыз  Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрды,- делінген хабарламада.
Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Израильде консулдық есепте тұрмайтын 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін.
Комментарии