Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Қазақстан президентін “құда” деді

1478
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа “құда”, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа “құдағи” деді. Ол Қазақстанға келіп, Астана декларациясының бес жылдығына және алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының қабылданғанына қырық бес жыл толуына арналған халықаралық конференциясында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құрметті құда, туысқан мырза! Қазақстанға келу мен үшін шынымен де үлкен мәртебе. Мен Қазақстанды өз елімдей көремін, деді Тедрос Гебрейесус сөйлеген сөзінде.

Ол келіні қазақ ұлтының өкілі екенін алға тартып, өзінің біздің елімізге қатысы бар екенін аңғартты.

Келінім қазақ, сондықтан екі немерем де белгілі бір дәрежеде қазақ ұлтынан. Сондықтан Қазақстан да менің бір елім, өзімді Қазақстанның бір бөлігімін деп есептеймін, деді мәртбелі қонақ.

Айта кетейік, ДДСҰ басшысы - белгілі ақын  Жүрсін Ерманның құдасы. Тедрос Небрейесустың  ұлы Дәулет Тұрлыхановтың қызына үйленген. Ал, Дәулет Тұрлыханов – Жүрсін Ерманның күйеу баласы.

Пікірлер