Республика күніндегі қауіпсіздік. Министрлік мәлімдеме жасады

2575
Adyrna.kz Telegram

Желіде Республика күні қарсаңында тараған түрлі ақпараттарға байланысты Ішкі істер Министрлігі қауіпсіздік кешенінің күшейетіні жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Министрлік 25 қазан Республика күні қарсаңында қалалар мен аудандарда қауіпсіздік жіті қадағаланып, жағдайлардың барлығы бақылауда болатынын хабарлады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев баяндады.

“Ағымдағы жылдың 24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам күшейтілген кезекшілік режиміне ауыстырылды;

Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесе отырып, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындары келісіліп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдардың есебі дайындалды;

20 мыңға дейін полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскерін тарту жоспарлануда;

Полицейлердің патрульдік бағыттары жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау арқылы азаматтар көп жиналатын және демалатын орындарға жақынырақ болады;

Жағдайды бақылау үшін Ішкі істер министрлігінің базасында жедел штаб құрылып, осындай штабтар барлық өңірлерде жұмыс істейтін болады” деп жазды ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер