Президент Шыңжаңнан келген соң. Астана-Пекин арасындағы визасыз режим қашан күшіне енетіні айтылды

2451
Adyrna.kz Telegram
Сурет: qazweek.kz
Сурет: qazweek.kz

Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құжатқа сәйкес, виза иелері жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды (келісімшарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) жүзеге асыру мақсатымен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағына Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын бір мәрте немесе көп мәрте келу, кету, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады»,— делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Тайланд билігі қазақстандықтардың 30 күн бойы елде визасыз жүруін мақұлдаған еді.

Осы қарсаңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барған. Ол Пекинде «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумының үшінші отырысына қатысып, баяндама жасаған.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пекиннен қайтарында Үрімжі қаласында болып, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездескен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер