Қазақстанда екі кәсіби мереке пайда болады

2291
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/2021_02_04_e2772be724724176af3afc4826f2bac8_1649145093.jpeg

Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні және бұрғылаушы күні кәсіби мерекелер тізбесіне қосу жоспарлануда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

 «Кәсіби мерекелер тізбесі «Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні –1 ақпан»; «Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі» тармақтарымен толықтырылсын», - делінген ҚР Еңбек министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығында.
Жобада нақтыланғандай, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласының әуежайында Қазақ КСР Алматы авиациялық жасағы командирінің бұйрығымен елімізде алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) құрылған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии