Петропавлда 18 жастағы қала тұрғыны футбол алаңында қайтыс болды

1411
Adyrna.kz Telegram
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен. Жас жігітті Жамбыл – Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлер алып кеткен.

Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған. Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер