Ұлттық қорғаныс университетінен "ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы" сөздері алынады

901
Adyrna.kz Telegram
uralskweek.kz
uralskweek.kz

Астана қаласындағы оқу орындарының бірінде «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы» деген сөздер алынып тасталады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

12 қазан күні Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Депутаттар құжатты Мәжіліске қайта қайтарды.

Отырыстан соң Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров құжатта ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты тағы бір құрметінен айыратын норма барын айтты. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын Ұлттық қорғаныс университеті енді "Ұлттық қорғаныс универитеті" деп аталады.

"Біз ерекше заң жобасын қарадық" деген депутат жобаны талқылау барысында бірнеше өзгерістер енгізгенін айтады. Өзгерістер қатарында Астанадағы Тұңғыш Президент Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінен "Тұңғыш Президенті - Елбасы" деген сөздер алып тасталады:

 Тұңғыш президент және Елбасы туралы» заңның өзгеруіне байланысты біз осы мәселені арнайы қарадық. «Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңның нормасына сәйкес келтіру керек болды. Заңмен Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде оқыту мәселесі регламенттелген. Сенаторлар осы университетің атауын Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің есімі деген сөздерді «Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңның қолданылуын тоқтатылуына байланысты Қазақстан Республикасы деген сөздермен ауыстыруды ұсынды, - деді депутат.

Еске салайық, 2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-де Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, президенттіктен кететінін жариялады. Уақыт өте Тұңғыш Президентке қатысты бірнеше заң жобалары қабылданып, Нұрсұлтан Назарбаев "Елбасы" титулынан айырылған еді.  Ал 2023 жылдың 15 ақпанында Мемлекет басшысы «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Пікірлер
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket