2028 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жаңа 5 спорт түрі енді

2805
Adyrna.kz Telegram
фото:Национальный олимпийский комитет Республики Беларусь
фото:Национальный олимпийский комитет Республики Беларусь

Халықаралық Олимпиада комитеті бірнеше ойын түрлерін 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізуді мақұлдады. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ойын бағдарламасына жалаулы футбол, крикет, лакросс, сквош және бейсбол/софтбол енгізілді. Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары 2028 жылдың 14 шілдесінде басталып, 30 шілдеде аяқталады.

«Бұл ұсынылған бес спорт түрі америкалық спорт мәдениетіне толығымен сәйкес келеді және әлемге әйгілі америкалық спорт түрлерін көрсетеді. Олардың қосылуы Олимпиадалық қозғалысқа Америка Құрама Штаттарындағы және бүкіл әлемдегі спортшылар мен жанкүйерлердің жаңа қауымдастықтарымен араласуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АҚШ-қа халықаралық спорт түрлері де келеді», - деді Томас Бах.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер