Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылды

2278
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚМДБ
Фото: ҚМДБ

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХХІ отырысы аясында Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігінің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Ақпаратқа сәйкес, Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесі өкілдігін ашу туралы ұсынысты Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед әт-Тайеб жасағанын айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамаға қолдау білдірген.

Мұсылман ақсақалдар кеңесі барлық діндердің ынтымағын нығайтуды көздейді. Осындай беделді ұйымның аймақтағы өкілдігінің Қазақстанда ашылуы біз үшін үлкен мәртебе, – деді М.Әшімбаев.


Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдар кеңесі – бейбітшілік пен жаһандық дінаралық диалогты нығайту мақсатымен құрылған тәуелсіз халықаралық ұйым. Кеңестің филиалдары бұған дейін Швейцария, Мысыр және Марокко елдерінде ашылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер