Азиада чемпионы президентті тойына шақырды

1415
Adyrna.kz Telegram

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Әсем Орынбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тойына шақырды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Қазақстандық Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында жұлдыздардың біріне айналып, Ақордада Мемлекет басшысымен кездесуінде спорттың арқасында болған тағдырлы кездесу туралы айтты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, спорттың арқасында мен өзімнің болашақ жарымды кездестірдім. Ол да спортшы, қараша айында тойды жоспарлап отырмыз және сізді біздің тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз», - деді спортшы президентке.

 

Пікірлер