Есік қаласының әкімі пара алғанын мойындады - Антикор

3017
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Адырна"  тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері туралы азаматтардың арыз-шағымдарына жедел әрекет ету нәтижесінде Есік қаласының әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезінде парамен ұсталды.

"Ол жеке компанияның өкілінен қаланың балалар алаңын абаттандыруға мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлеу үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген баяндамада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер