Жұмыстан себепсіз қуылған ҚазҰУ оқытушысы жұмысын қайта жалғастыратын болды

2216
Adyrna.kz Telegram
фото:zakon.kz
фото:zakon.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Дастан Қастай университетте оқытушылық қызметін қайта  жалғастырады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Достар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас оқытушысы Дастан Қастайдың әлеуметтік желідегі ашық хатына байланысты оқу ордасының басшылығымен тікелей байланыстым және ұстаздарды жұмыстан шығару немесе қудалау фактілері болмауы керектігі бойынша кеңестерімді бердім. Қазіргі уақытта Дастан Қастай  бауырымыздың жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрық жоқ екендігін және журналистика факультетіндегі қызметін жалғастыра беретіндігін баршаңызға қуанышпен жеткіземін», - деп жазды Саясат Нұрбек.
«Адырна» ұлттық порталы.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер