Бізге Байден келе ме, Орталық Азияны көре ме?

1626
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде КСРО ыдырағаннан кейін АҚШ президенттерінің бір де бір рет Қазақстанға келмегені сөз етілді, деп хабарлайды "Адырна". 

Өткен аптада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниель Розенблюм Ақ үй басшысы Джо Байденнің Қазақстанға келуі мүмкін екендігін айтты.

«Мұндай болжам бар екені айтқым келеді. Қазақстанға Орталық Азия елдері тарапынан және АҚШ-тың жоғары билігінен де үлкен қызығушылық бар. Сондықтан да, болжам бар" деді Розенблюм.

Сондай-ақ ол, азаматтары иммиграциялық емес виза арқылы 10 жыл АҚШ-та тұрақтай алатын Орталық Азиядағы жалғыз ел Қазақстан екенін атады. Бұл екі елді дұрыс қарым-ұатынаста екендігінің нәтижесі екендігін қоса кетті.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының алаңында Орталық Азия елдерінің президенттері мен Джо Байденнің кездесуі өтті. Алдымен президенттер суретке түсіп, келіссөз үстеліне отырды. Саммитте бірінші болып сөз сөйлеген Джо Байден болды. Ол Орталық Азияның егемендігі мен гүлденуін нығайту үшін қалай бірлесіп жұмыс істей алатыны туралы әріптестерінің пікірлерін құптады. Атап айтқанда, Байден шекара қауіпсіздігі, терроризмге қарсы күрес және құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға уәде берді.

 

Пікірлер