Америкалық кәсіпкер және миллиардер Илон Маск Twitter-де Украина президенті Владимир Зеленскийдің көмек сұраған мемін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Суретте Зеленскийді “аянышты” кейіпкер ретінде көрсеткен.
Бес минут өткенде және сіз миллиард доллар көмек сұраған жоқсыз, - деп жазылған сурет астында.
Украиндар Масктың әзілін бағаламады, бірақ Ресейде бұл мем барлық жергілікті БАҚ-қа тарады.
Еске салайық, бұған дейін Илон Маск Украинаға Қырымды қайтармай, түбектің Ресейдің бір бөлігі екенін мойындау керегін айтқан болатын. Американың пікірінше, бұл шешім соғысты тезірек аяқтауға көмектеседі.