Қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов әлем чемпионын нокаутқа түсіріп, жеңісті күнді жақындатты

1812
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов 2023 жылғы Азия ойындарында, Ханчжоуда (Қытай), екінші жекпе-жегін өткізді. Былғары қолғап шебері өзбекстандық әлем чемпионын нокаутқа түсіріп, Азия ойындарының жартылай финалына өрледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

71 келіге дейінгі салмақ санатындағы ширек финалда  Шымбергенов өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен кездесті. Ұлттық құраманың капитаны өз қарсыласын үшінші раундта үш рет нокдаунмен жеңді.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына шығып, жеңісті күнді жақындатты. Өзі қатысқан алғашқы әлем чемпионатында топ жарды.

Еске сала кетейік, Шымбергенов алдыңғы жекпе-жектерде Үндістан, Франция, Израиль, Тринидад және Тобаго боксшысынан басым түскен. Ал оның осы жолғы қарсыласы Асадходжа Муйдинхуджаев Ташкентте (Өзбекстан) өткен 2023 жылғы әлем чемпионатында "алтын" жеңіп алған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер