БҰҰ сотына жеткен шағым. Армения Әзірбайжанды сотқа берді

1477
Adyrna.kz Telegram

Ереван билігі Бакуді Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты "нәсілдік кемсітуге" барды деп айыптады. Қазір БҰҰ  сарапшыларының даулы аймаққа жіберілгені хабарланды. Бұл хақында "Адырна" порталы БҰҰ сотына сілтеме көрсете отырып хабарлайды.

Армения БҰҰ-ның Халықаралық сотына шағым түсірді. Шағымданушы тарап Таулы Қарабақта нәсілдік кемсітудің барлық түрлерін жою туралы халықаралық конвенцияны сақтауды сұрады. Әзірбайжанға халықаралық ұйым саясаты асында қатаң талап қойды. Бұл туралы 29 қыркүйек, жұма күні, жарияланған соттың баспасөз хабарламасында айтылды.

Талап қоюшылар Әзірбайжанды айыптап, осы конвенция шеңберінде "өз міндеттемелерін бұзуы мүмкін кез келген шаралардан бас тартуы керек" деп көрсетеді. Армения жағы Ильхам Әлиев үкіметін Таулы Қарабақтан кетуге үгіттеуді, таласқа түскен аймақтағы армян халқына қол ұшын созуды және коммуналдық жүйені қалпына келтіруге көмектесуге міндеттеуді сұрайды. БҰҰ мен Қызыл Крест өкілдерін шақырып, даулы мәселеге араласуын өтінеді.

Шағым-хатта көрсетілген деректерге сенсек, Ереван Бакуден Таулы Қарабақ билігі берген азаматтық хал актілерді жарамды деп тануды, "қазіргі немесе бұрынғы саяси өкілдерге немесе әскери қызметшілеріне қарсы жазалау шараларын қолдануды" тоқтатуды талап етіп отыр. Сонымен қатар, Әзірбайжан әскери және құқық қорғау органдары өкілдеріне Таулы Қарабақтағы азаматтық нысандарын тастап кетуді міндеттеген.  Армян мәдени мұрасының ескерткіштерін бұзуға тыйым салуды өтінген.

"Адырна" ұлттық порталы  

Пікірлер