Арменияда елдің бұрынғы президенті Кочарянды соттап жатыр

1374
Adyrna.kz Telegram

Арменияда "конституциялық құрылымды өзгертпек болды" деп айыпталған елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарян 13 мамырда сот алдында жауап береді.

Арменияны 1998-2008 жылдар аралығында басқарған 64 жастағы Кочарянға 2008 жылы 1 наурыз күнгі оқиғаға байланысты айып тағылып отыр.

2008 жылы 1 наурызда полиция наразыларға күш қолданып, екі күн ішінде шеруге қатысқан сегіз адам және екі полиция қызметкері қаза тапқан. Бұл оқиға алдында Кочарян елде үш аптаға созылған төтенше жағдай режимін енгізген.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қамауда отырған Кочарян айыптарды жоққа шығарады және "қудалаудың бәрін" елдің қазіргі премьер-министрі Никол Пашинянның өзінен саяси "кек алуы" деп санайды.

2008 жылдың 1-наурыз күні болған қайғылы оқиға Арменияда ұзақ уақыт зерттелмей келді. Тек 2018 жылғы "барқыт революциясынан" кейін билікке Никол Пашинян келген соң қайта жалғасты.

"Азаттық" радиосы

Пікірлер