Түркістандағы жарылыс. Екі адам қайтыс болды

1862
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/05/tur.jpg
Түркістан облысында ауызашар кезінде жарылыс болды. Оқыс оқиға кафелердің бірінде орын алды.

1958 жылы туған ер адам мен бес жасар бала алған жарақатынан мерт болды. Денесінің 75%-ын күйік шалған әйелге шұғыл шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, алайда науқастардың денесінің 95%-ын күйік шалғандықтан оларды құтқару мүмкін болмады", - деп хабарлады денсаулық сақтау департаменті. Бұған дейін ауызашар кезінде кафеде газ жарылып, 8 адамның жарақат алғанынхабарлаған едік.

Stan.kz

Комментарии