Азиада – 2023: Ел қоржынына тағы бір медаль түсті

5981
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3954.jpeg
Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Отандасымыз жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтті. 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты — 1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға(1:51:49) бұйырды. Айта кетейік,  Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар: 3 алтын, 3 күміс және 17 қола.
Комментарии