Ақтөбеде автобустағы жолаушыны ұрып, терезеден секіріп кеткен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

3270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/photo-output-8.jpeg
Әлеуметтік желіде ер адамның автобус жолаушысын жұдырықпен ұрып, ашық терезеден қашып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Жәбірленушінің әйелі келеңсіз жағдайдың 22 қыркүйек күні Ақтөбедегі №15 автобуста болғанын айтты. Қалалық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді.
40 жастағы күдікті ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол кінәсін мойындап, өз әрекеті үшін кешірім сұрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,—деді басқарма.
<
Комментарии