"85 мың теңгеге өмір сүруге болады" деген вице-министр өз сөзіне түсініктеме берді

3100
Adyrna.kz Telegram

85.000 теңгеге өмір сүруге болады деген Еңбек және әлеуметтік қорғау Вице-министрі Олжас Ордабаев Астанадағы Еңбек күніне арналған форумның аясында өз сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Олжас Ордабаев Қазақстанда 85 мың теңгеге күн көруге болатындығын айтқан еді. Оның бұл мәлімдемені жасаған видеосы әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырғаны да жасырын емес.

Кейін вице-министр өз сөзіне түсініктеме берді:

"Мен қазақстандықтар 85 мың теңгеге өмір сүруі керек деп айтқан жоқпын. Жоқ, әрине. Бұл мемлекет белгілейтін ең төменгі кепілді деңгей және одан төмен жұмыс берушілер жалақыны қоя алмайды",-деді вице-министр.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, еңбек нарығында жоғары жалақы бар, оның мөлшері біліктілікке, білім мен дағдыларға байланысты-мыс.

Министрдің орынбасары өз сөзінде депутат Ринат Заитовтың "ең төменгі жалақы 300 мың теңгеден төмен болмауы тиіс" деген ұсынысына да пікір білдірді.

"Бұл, біріншіден, экономикалық көрсеткіш және оны жалпы экономистер қарастыруы керек. Депутаттың ұсынысы қаншалықты шынайы немесе шынайы емес екенін Қаржы министрлігімен бірге талқылау жақсы болар еді. Оған бюджет қаншалықты тарта алады", - деп толықтырды Олжас Ордабаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер