ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Украинаның Жоғарғы Радасы "Ұлттық азшылық" туралы заң қабылдапты. Бізге де тура осындай заң керек-ақ. 

1690
Adyrna.kz Telegram
Украинаның Жоғарғы Радасы "Ұлттық азшылық" туралы заң қабылдапты. Бұл ЕО-ға мүшелікке өтудің бір талабы екен.
Бізге де тура осындай заң керек-ақ.
Ең алдымен Қазақстанның ұлттық құрамын қайта қарап, 130 ұлт деген клишені тоқтату қажет. Бізде ешқандай да соншама ұлт жоқ. Әрі кеткенде жиырма шақты ұлт болуы мүмкін, қалғандары мыңға да жетпейтін ұлт өкілдері ғана. Осы заңда қазақ ұлтының мемлекет құраушы ұлт екендігі баса айтылып, оған барлық жерде артықшылық берілуі (мысалы тілде) қажеттігі көрсетілуі керек деп ойлаймын.

 

 

Пікірлер