Байқоңырдан ұшқан Ресей мен АҚШ ғарышкерлері мінген "Союз-МС 24" әуе кемесі ХҒС-ға жетті

2827
Adyrna.kz Telegram

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз-МС 24" ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен түйісті. Оның бортында "Роскосмос" ғарышкерлері Олег Кононенко мен Николай Чуб, сондай-ақ америкалық NASA астронавты Лорал О ' Хара бар. Экспедиция Ресей мен АҚШ-тың кросс-рейстер туралы келісімі аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Союз-МС 24" Байқоңырдан жұма күні Астана уақытымен 21.44-те ұшты. Оның ұшуы жылдам қарқынмен, екі айналмалы схема бойынша жүрді.  Халықаралық ғарыш станциясына дейінгі жету уақыты үш сағаттан сәл асты.

Ресейлік ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 365 күн өткізеді және 2024 жылдың қыркүйегінде "Союз МС-25" кемесімен Жерге оралады. Лорал О ' Хара ХҒС-тан 2024 жылдың наурызында Союз МС-24 кемесімен кетуі керек, оның орнына басқа америкалық ғарышкер келеді.

Ресейлік жоспары - төрт ғарыштық серуен,"Прогресс МС"ке тиесілі төрт жүк кемесінің кездесуіне қатынасу және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу. Лорал О ' Хара болса, NASA хабарлағандай, ондаған зерттеулерді өз мойнына алуға жауапты болады.

Кононенко, Чуба және О ' Хараның ғарышқа сапары наурыз айында болуы керек еді. Алайда, ХҒС-қа қондырылған "Союз" қондырғышынан салқындатқыш сұйықтық ағып, бұрынғы экипаждың  оралу мерзімі алты айға кешіктірілді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер