Алматыда Қайрат Нұртас, Садраддин, МузАрт тобының қатысуымен танымал әндер фестивалі өтеді

6155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/screenshot_20230914-174240_drive-960x500.jpg?token=24e491558a3b55d679ca5ad504c2ddf9
«Сағындым Алматымды» деп аталатын мерекелік кеш 17 қыркүйекте  Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда өтеді. Бұл күні алаңға жиналған көрермен заманауи қазақ музыкасының үш буынының ең жарқын өкілдері – «МузАрт», Қайрат Нұртас және Садраддиннің бір сахнада өнер көрсеткенінің куәсі болмақ. Бұл үш мықтының үлкен сахнадағы алғашқы кездесуі. Елдің сүйіктілері, миллиондаған  тыңдармандардың кумирі, уақытқа бағынбайтын әндердің орындаушылары қайталанбас эмоция мен атмосфера сыйлауға дайын. Осы жексенбіде КБТУ алдындағы алаңда келушілер ерекше алматылық vibe-ті сезіне алатын болады. Бұл кеш шығармашылықтың, еркіндіктің, жастықтың, сапалы музыканың, жарқын шоудың естелігі болмақ. Оған қоса, музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылмақ. Оны орындайтындар: Соңғы жылдары қарқынды дамып жатқан қазақ музыкасының тыңдарманға берері көп. Қаншама ән жаңадан туып, қаншама ән қайта жаңарды, көрермен көңілінен өз орнын тапты. «Сағындым Алматымды» сол қалыптасқан  тенденцияны айқындап көрсетеді. Өйткені, Алматы - мәдениетіміздің отаны, музыкадағы трендсеттер, шығармашылықтың бастау алатын мекені. Мереке Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Осындай мерекелік кештің куәсі болуға шақырамыз. Өтетін жері мен уақыты
  • Алматы қаласы, Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысындағы Астана алаңы
  • Концерт open air форматында астында өтеді.
  • Сағат 17:00-де басталатын кеш түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.
БАҚ үшін байланыс нөмірі: Меруерт Дербісбаева +7 705 372 7755
Комментарии