Мароккодағы табиғи апат. Жер сілкінісінен 2012 адам қаза тапты

2568
Adyrna.kz Telegram

Мароккодағы жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мыңнан асты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2012 адамға жеткен.

Соңғы дерек бойынша кем дегенде 2059 адам зардап шеккен. Оның ішінде 1404-і ауыр халде.

Марокко королі Мұхаммед VI көптеген адамның қазасына байланысты елде үшкүндік қаралы күн жариялады. Сондай-ақ ол зардап шеккендерге көмек көрсету және ғимараттарды қалпына келтіру бойынша төтенше жағдай бағдарламасын әзірлеуді бұйырды.

Мароккода 8 қыркүйек күні кешкі уақытта магнитудасы 6,9 балдық жойқын жер сілкінісі болған еді. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер