Жапония императоры Акихито өз еркімен тақтан кетті

3129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/aki.jpg
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ император Акихитоның тақтан кеткенін жариялады және халық өкілі ретінде алғыс білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости. Өз кезегінде Акихито халқына соңғы сөзін айтты.  Салтанатты шара Токиодағы император сарайының "Сэйдэн Мацу-но-ма" залында өтіп жатыр. Елдің барлық телеарнаcы телетрансляция жасап жатыр.  Залда шамамен 300-ге жуық адам бар, оның ішінде - монарх жарымен бірге келген, оның мұрагері Нарухито жарымен, императорлық отбасының мүшелері, сондай-ақ биліктің үш тарауының өкілдері қатысып жатыр.  Акихито өз қызметінде 30 жылға жуық отырған.
Комментарии