Арман Оспанов Мәскеуде қарсыласын нокаутқа жіберді

2000
Adyrna.kz Telegram

ҚазАқпарат - Мәскеуде аралас жекпе-жектен өткен Absolute Championship Akhmat 95 турнирінде Арман Оспанов қарсыласы Лом-Али Эскиевті нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Турнир кешінде Арман Оспанов (8-2) пен Лом-Али Эскиев (15-4-1) айқасқа шықты. Айқас үш раундқа есептелген. Арман қарсыласын екінші раундта тіземен теуіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Жекпе-жектің толық нұсқасы «MMA KAZAKHSTAN» Ютуб арнасында жарияланды. Айта кетсек, Арман Оспанов екі жылдан кейін жеңіс легін қайта жалғастырып отыр. Соңғы рет спортшы 2017 жылдың көктемінде Таичи Накажимуді нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен болатын. Аталған айқас бойынша Арман Оспанов 2017 жылы ACB (Absolute Championship Berkut)  тағайындаған «Жыл нокауты» аталымының жеңімпазы атанған болатын.

 

Пікірлер