Заң күшіне енді. Электрлі самокат айдаушылар жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейтін болады

2734
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне еніп, соның ішінде самокат тебушілерге қатысты заң қатаңдатылды, деп жазады "Адырна". 

«30 тамызда «Жол жүрісі туралы» заңға жеке мобильді құралдарды, атап айтқанда, электр скутерлерін жүргізушілерге қатысты түзетулер күшіне енеді», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы жаңалықтар арнасында.

ҚР "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес білуіміз керек ережелер:

- электрлі самокаттарды тек велосипед айдаушылар жолымен айдауға рұқсат;
- жүріс бөлігінің оң жақ шетіне, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда 25 км/сағ жылдамдықпен жүру міндет;
- тротуар, жол жиегі және жаяу жүргіншілер жолымен 6 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүру тиіс.
- электрлі самокатты айдауға тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі қажет.
- мопед, электрлі самокат және велосипед жүргізушілері жолдың жүріс бөлігінде жүргенде ғана бекітілген шлемді киюі керек;
- сырт киімде, сөмкеде немесе кез келген дене бөлігінде көзге шағыласын айрықша белгі болуы тиіс.
- электрлі самокатты мас күйінде жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапқа тартылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер