Ержан Максим Ресейді шулатты

1631
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық Ержан Максим Ресейдегі "Голос Дети" шоуында екінші орын алды. Бірінші орынды Микелла Абрамова (ресейлік әнші Алсу мен миллиардер Ян Абрамовтың қызы) алды
Финалда Ержан Лара Фабианның "Адажио" әнін, Абрамова Диана Гурцкаяның "Ты здесь" әнін орындады.

Финалдың қорытындысы шығысымен ресейліктер әлеуметтік желіде бірінші орынды Ержан алу керек деп жазып жатыр. "Миллиардердің қызы шоуды сатып алды", "талант емес, ақша жеңді" "өнерде де әділеттілік жоқ" деген пікірлерден көз сүрінеді. Ержанды Максим Галкин қолдап, жарыстың әділетсіз өткенін айтты. Ресейлік көптеген БАҚ  "жеңімпазға көрермендер разы емес,  Алсудың қызы таза жеңбеді" деп жазуда. Халық интернетте конкурсты ұйымдастырған "Первый каналдан" дауыс беру қорытындысын дұрыстап тексеруді талап етуде.

Пікірлер