Қазақстан мергені нысана көздеуден әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

2126
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан спортшылары нысана көздеуден әлем чемпионатындағы алтын медальді жеңіп алды. Спорт журналисі Ақыртас Сейітқазы жеңісті ел тарихындағы тұңғыш жүлде болуы тиіс деп бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Бакудегі әлем біріншілігінде Шымкент тумасы Зухра Ирназарова жылжымалы нысанамен 10 метрді көздеуде чемпион атанды.
Күмісті біздің құраманың тағы бір мүшесі Александра Сәдуақасова иеленген. Тап осы Сәдуақасова жартылай финалда әлемнің бес дүркін чемпионы, украиналық Авроменконы жеңді. Ал финалда Зухрадан 3:6 есебімен ұтылды.
Спорт журналисі Ақыртас Сейітқазы:

- Алтын мен күміс үшін шын қуанып тұрмын, тек бұл жаттығу Олимпиада бағдарламасына енбеген. Сол жағы өкінішті... Зухра олимпиадалық бағдарламаға ауыса алмайды екен. Оның сыңары Фатима да осы спорт түрінде. Жеңіс құтты болсын! - деп сүйіншіледі.

"Адырна" ұлттық порталы 
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер