Қазақстандық қос спортшы әлем чемпионатында тарихи жүлдеге қол жеткізді

2792
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында  тарихи жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.

Әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеудің финалына екі қазақстандық – Зухра Ирназарова мен Александра Садуакасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен ақтық сында Зухра отандасы Александрадан 6-3 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Ал қола украиналық Галина Авраменкоға бұйырды.

Бұған дейін ересектер арасында қазақстандық мергендер әлем чемпионатында жүлде алмаған. Барлық жетістік жасөспірімдер мен жастар деңгейінде тіркелген. Ал спортшы қыздар бірден қос медальды қанжығаға байлады.

Бакуде күміс жүлдеге ие болған Александра Садуакасова былтыр Францияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарғанын еске сала кетейік.

«Бүгінгі күн қарбаласқа толы болды. Біз осы чемпионатқа ұзақ уақыт дайындалдық. Әр оғымды алдыңғысынан жақсы, дәл атуға тырыстым. Бар тактикам осы болды. Жарысқа дейінгі жаттығулардың арқасында осы жүлдеге қол жеткіздім»,-деді Зухра Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Бірнеше күн бұрын стенд атудың трап бағдарламадасында Мария Дмитриенко мен Даниил Почивалов үздік үштікті түйіндегенін еске саламыз. Бакудағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер