Ойы жүйрік ойыншы. Бибісара Асаубаева елдің ең үздік шахматшысы атанды

2601
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/phpenf6t5.jpeg
Бибісара Асаубаева - Қазақстандағы үздік шахматшылар рейтингіcінде көш бастады. 19 жастағы ақыл-ойдың "алыбы" мұндай биікке Әбу-Даби фестивалінде жеткен жеңісінен кейін қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әбу-Дабиде шахматтан өткен ірі фестиваль өз мәресіне жетті. Бибісара Асаубаева әйелдер арасында чемпион атанды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы in Aktau сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Фестиваль барысында Асаубаева мүмкін 9 ұпайдың 5,5 ұпайын жинады. Осы көрсеткіші арқылы 19 жастағы отандасымыз еліміздің шахматшылар рейтингісінде бірінші орынға бір-ақ көтерілді. Сәуір айында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Ол мұндай атаққа ие республикамыздағы алғашқы шахматшы.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии