Зеленский Лаура Кёвешиді Украинаға әкелмек

1724
Adyrna.kz Telegram

Кешегі сайланған украин президенті Зеленский, өзіне қызметке Лаура Кёвеши есімді румын қызын шақыртып жатыр екен мыс...
Ол шақыртуға бұл ханымның келісім бермеуін тілеп украин ұрылары мен жемқорлары шоқынып құдайдан тілек тілеп отыр мыс....
Ал бұл ханым нағыз ермінезді темір қол келіншек. Румынияның бұрыңғы бас прокуроры.
Бұл бике бас прокурор боп істеген алғашқы жыл румын министрлерінің үшеуі жемқорлықпен айыпталып сотталыпты, ондаған ұры депутаттар жаңғақша шағылып, елуге жуық арты былық қала әкімдері қашарға жер таппай түрмеге тоғытылыпты.
Тіпті біраз жемқор соттар да темір тордың ар жағына кеткен.
Бұрынғы президент те сотталған. Билікте отырған президенттің ағасы да ұрлықпен ұсталып түрмеден бір ақ шыққан.
Бұл ханым мықтыыы.. Енді осы келіншекті украин президенті аттай қалап, Румыниядан алдырмақшы...
Егер Лаура Кёвеши Украинаға келе қалса, ондағы біраз арам ақшамен шіріп байып алған ұры- қары, жемқор атаулы түрмеге жол тартады.
Лаура Румыниядағы жемқорлардың мүлкін тәркілеп мемлекеттік қазынаға 700 миллион долларға жуық қаржыны қайтарған екен.
Ал Украина үлкен және бай мемлекет қой, ол жерде ұрылардан одан да көп қаражат түседі, ол гарантия.
Расында, Зеленский жарады, ол "жығылсаң нардан жығыл" деп ісін зорынан бастағалы отыр.... 

Олжас Әбіл

Пікірлер