Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы өмірден өтті

2713
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов өмірден өтті. Қайғылы хабарды Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарма еліміздің арнаулы мемлекеттік органдарының ардагері генерал-лейтенантының ұзаққа созылған науқастан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Болат Әбдірахманұлы әр жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Ішкі істер министрлігін басқарды, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

1997-2001 жж. генерал-лейтенант Болат Баекенов президент күзет қызметінің бастығы қызметін атқарып, оның дамуына үлкен үлес қосты.

«Мемлекеттік күзет қызметі генерал-лейтенант Болат Баекеновтің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Болат Әбдірахманұлының жаны жәннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Қазаның арты қайырлы болсын»,—деп жазды басқарма.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер