Екібастұзда тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты

2696
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/izobrazhenie_2023-08-21_154734388.png
Екібастұзда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «21 тамызда сағат 13.38-де Екібастұз қаласындағы М.Жүсіп көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнынан 1972 жылы туған ер адам қайтыс болғаны хабарланды. Баспалдақ үстінде екі адам құтқарылды», - деп хабарлады дүйсенбі күні Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Жалпы ауданы 18 ш.м. өрт орнында үш техника мен сегіз адам жұмыс істеді.
Комментарии